Жаңалықтар

29-07-2020  

icon Алтын ана М.Əбдіхалықов атындағы мектеп гимназиясының ардагер ұстазы, биология пəні мұғалімі,аяулы ұстаз,асыл ана,ардақты әже Бекова Күлəн Нұрмұханқызы өмірден озды. Күлән Нұрмұханқызы өте білімді, талапшыл,жанашыл, мектеп өміріне сүбелі үлес қосқан, алғашқы ғылыми зерттеу жобаларымен шығармашылықпен айналысатын шәкірттерді дайындап,республика көлеміне жүлделі орындар алды. Апайдың сабақ беру әдісі мүлдем бөлек,жаңа пед технологияны меңгере отырып, әр сабағында шығармашылық пен ізденімпаздыққа үйрете отырып, ең басты адами құндылықты,отбасылық құндылықтарды үнемі сабақпен байланыстырып тәрбиенің қайнар көзі бола білді. Күлән апайымыз үлгі ,өнегенің ұйтқысы ,ұжымның жанашыр ақылшысы,шынайы көшбасшысы болатын. Апайдың шәкірттері медицина жолын таңдап,бүгінде елі үшін еңбек ететін білікті дәрігерлер. Әйкешов Бақыттың отбасына, туған-туыстарына, көрші-көлеміне көңіл айтамыз. Қайырлы қаза болсын! Аллам панасына алсын! 

10-07-2020  

Хабарландыру!

Құрметті  ата-аналар! М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы 1 сыныпқа электронды тіркелу 01.08.2020 жылға дейін жүргізілетіндігін  ескертеді. Түсіністікпен қарап тездетіп балаларыңызды тіркетіңіз.   1.ЭЦП ключ(міндетті түрде ата-анасының) 2.Баланың  3х4 суреті  2 дана Egov порталы  арқылы  өздеріңіз өтініш  беруге мүмкіндіктеріңіз бар. Дирекция  

27-06-2020  

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 2020 жылғы түлектері ҰБТ тапсырды.

icon М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясынан барлығы 42 түлек қатысты. Шығармашылық емтихан тапсырған оқушы саны - 7 Алтын белгі - 2 оқушы,Үздік аттестат - 1 оқушы. Мектеп бітіруші түлектердің ішінде аудан бойынша ең жоғары 122 ұпай жинаған Бақтыбаев Бауыржан Берікұлы мектеп мақтанышы. Бауыржан Берікұлы үздік,тәртіпті,ұқыпты,үлгілі оқушымыз,кішкентайынан білімге құштар,ізденімпаз, өзіне тапсырылған істі жауапкершілікпен қарайтын, алдына мақсат қойып,оған жетуге бар күш жігерімен кірісетін ,өзіне талап қоя білетін алғыр оқушы. Ол мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ көзге түскен ерекше шәкірт. Бауыржан бірнеше мәрте аудандық,облыстық пәндік олимпиада /География пәні бойынша / жеңімпазы,облыстық Қазақстан-Ақтау телеарнасының ұйымдастыруымен өтетін Зерде зияткерлік сайысының бірнеше рет апталық ,айлық ойындарының жүлдегері. Мектеп-гимназиясының 54 -ші түлектеріне Ақжол! Грант иегерлері атаныңыздар! Сәт сапар! Жақсы мамандық иесі болыңыздар! Аман жүріңіздер! Жолдарың ашық болсын 54-ші қарлығаштар! 

12-06-2020  

М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясында маусым айындақашықтықтан " Әкеге арнау" атты өз туындыларын оқу эстафетасы ұйымдастырылды.

Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. сол тағдырдың басты себепкері - біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам, ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да, әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.  https://web.facebook.com/100012250536078/videos/pcb.975944752823867/975941462824196  https://web.facebook.com/100012250536078/videos/pcb.975944752823867/975943556157320  https://web.facebook.com/100012250536078/videos/pcb.975944752823867/975941462824196 

12-06-2020  

М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясы бойынша "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"атты республикалық науқанның өтілуі туралы

icon 12.06.2020. Мектеп кітапханашысы онлайн көрме ұйымдастырып, заңнамалармен таныстырып,ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргізді. М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясында 1.06-12.06 аралығында "Бала еңбегін қанауға 12 күн" атты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 12 күнге жоспар жасақталып ,оқушыларға қашықтықтан түрлі жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Елімізде де бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқан жариялаған болатын. Осы іс-шараға оқушыларымыз демалыста болсада белсене атсалысты. 1-12 маусым аралығында көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүйелі түрде өткізілді. Мектеп кітапханашасы Анар Нұрқожаның ұйымдастыруымен онлайн көрме қашықтықтан жүргізілді. Бұндай шаралар әлі де жалғасын табады. 

12-06-2020  

М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясы бойынша "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"атты республикалық науқанның өтілуі туралы АҚПАРЛАМА

iconМ.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясында 1.06-12.06 аралығында "Бала еңбегін қанауға 12 күн" атты  құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 12 күнге жоспар жасақталып ,оқушыларға қашықтықтан түрлі жұмыс түрлері ұйымдастырылды.      Елімізде де бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқан жариялаған болатын. Осы іс-шараға  оқушыларымыз демалыста  болсада  белсене атсалысты. 1-12 маусым аралығында көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүйелі түрде өткізілді.  Бұл науқан кезінде де рейд жұмыстары ,суреттер байқауы, шығармалар байқауы, мектеп кітапханашасы Анар  Нұрқожаның ұйымдастыруымен онлайн көрме қашықтықтан жүргізілді. Рейд  адамдар көп шоғырланатын жерлерде дүкендерде ,көлік жуу орталықтарында, көлікке жанар май құю бекеттерінде,ойын алаңдарында,теңіз жағалауында ата-анасыз жүру фактілерін анықтау мақсатында  оқушылардың топтасып жүрмеуі, Карантин шараларын сақтауы, кәмелетке толмағандардың жұмыс жасамауын қадағалау , бос жүріске салынбауы,уақытын тиімді пайдалануы мақсатында ұйымдастырылды. Барлығы 5 түрлі шара ұйымдастырылып,940 балаға қашықтықтан түсінік жұмыстары жүргізілді. Бұндай шаралар әлі де жалғасын табады. Барлық өткізілген шаралар мект. Фб ,инст парақшаларында жарияланды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=976320776119598&id=100012250536078&ref=bookmarks 

11-06-2020  

М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясында маусым айында оқушылардың каникул күндерін тиімді ұйымдастыру, уақытын тиімді пайдалану мақсатында "Менің әкем-ең жақсы адам" тақырыбында әке туралы өлеңдерді қашықтықтан мәнерлеп оқу эстафетасы ұйымдастырылды.

Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл, Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл. Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің, Жанымдасың, қамқорымсың білемін. Қабыл алғын бала – жүрек тілегін. Әр отбасында әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі өзіме үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанам. Отбасының береке, ынтымағы үшін әкемнің әділ, ұстамды болуы мен үшін орасан маңызға ие. Отбасымыздың ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – менің әкем.  https://web.facebook.com/100012250536078/videos/pcb.975920509492958/975914659493543/  https://web.facebook.com/100012250536078/videos/pcb.975920509492958/975915262826816  https://web.facebook.com/100012250536078/videos/pcb.975920509492958/975917172826625  https://web.facebook.com/100012250536078/videos/pcb.975920509492958/975918612826481 

11-06-2020  

М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясында "Әкем өмірдегі тірегім" атты әкені дәріптейтін,мақтан тұтатын, ата кәсіпті жалғастыруға бағытталған бейне роликтер жинағын ұсынамыз.

Әкем менің асқар тауым, тірегім, Бәрінен де сен қымбатсың білемін. Қанат қағып кетсем алыс қияға, Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім. «Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені біз үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол - менің сүйікті әкешім. Әкем менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым. Мен сізден көп тәрбие алдым.  https://web.facebook.com/100012250536078/videos/pcb.975936982824644/975920592826283/  https://web.facebook.com/100012250536078/videos/pcb.975936982824644/975923386159337  https://web.facebook.com/100012250536078/videos/pcb.975936982824644/975926992825643  https://web.facebook.com/100012250536078/videos/pcb.975936982824644/975929682825374 

10-06-2020  

Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн

iconМ.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясында 1.06-12.06 аралығында "Бала еңбегін қанауға 12 күн" атты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 12 күнге жоспар жасақталып ,оқушыларға қашықтықтан түрлі жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Елімізде де бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқан жариялаған болатын. Осы іс-шараға оқушыларымыз демалыста болсада белсене атсалысты. 1-12 маусым аралығында көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүйелі түрде өткізілді. Аталмыш шаралар әрбір сыныптар арасында жеке-жеке өткізілді. Атап айтсақ,1-4 сыныптар арасында сурет байқаулары Ал, 5-7-сыныптар арасында видео ролик өткізілсе, 4-8-сыныптар арасында шығарма байқауы ұйымдастырылды. 

10-06-2020  

Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн Эссе байқауынан

icon М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясында 1.06-12.06 аралығында "Бала еңбегін қанауға 12 күн" атты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 12 күнге жоспар жасақталып ,оқушыларға қашықтықтан түрлі жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Елімізде де бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқан жариялаған болатын. Осы іс-шараға оқушыларымыз демалыста болсада белсене атсалысты. 1-12 маусым аралығында көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүйелі түрде өткізілді. Аталмыш шаралар әрбір сыныптар арасында жеке-жеке өткізілді. 1Маршал Әбдіхалықов Мектеп-гимназиясы  

Соңғы жаңалықтар

Алтын ана М.Əбдіхалықов атындағы мектеп гимназиясының ардагер ұстазы, биология пəні мұғалімі,ая ...

29 шілде 2020
Хабарландыру!

Құрметті  ата-аналар! М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы 1 сыныпқа электронды тіркелу 01.08.202 ...

10 шілде 2020
М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 2020 жылғы түлектері ҰБТ тапсырды.

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясынан барлығы 42 түлек қатысты. Шығармашылық емтихан тапс ...

27 маусым 2020
М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясында маусым айындақашықтықтан " Әкеге арнау" атты өз туындыларын оқу эстафетасы ұйымдастырылды.

Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері а ...

12 маусым 2020
М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясы бойынша "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"атты республикалық науқанның өтілуі туралы

12.06.2020. Мектеп кітапханашысы онлайн көрме ұйымдастырып, заңнамалармен таныстырып,ата-аналарға тү ...

12 маусым 2020