29.04.2020 Көп ұлтты, тату елім-Қазақстан!

 М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы
Оңдаған Гүлай
9 сынып оқушысы

“Көп ұлтты тату елім-Қазақстан”
Көршілестерім – рухани еншілестерім. Мұзафар Әлімбаев

"Бірлік бар жерде – тірлік бар"- дейді біздің халық. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасын да бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Қазақ қашаннан да бауырмал, қонақжай халық. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзге айғақ. Мен қазақ халқының мұндай мейiрбандығын, қонақжайлылығын кең пейiлдiлiгiн үнемi мақтан етемін Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Алматының өзiнде ғана 30-дан астам түрлi ұлттардың мәдени орталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан.
Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын жанындай жақсы көреді, сүйеді, көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Біз – ынтымағы жарасқан елміз. Қиын - қыстау кезеңде тағдырлары табыстырған халқымыз бір шаңырақтың астында сүттей ұйып отыр. Қазақта ырыс қайда барасың десе? Ынтымағы жарасқан елге барам деген нақыл сөз бар.
Еліміз жаңа XXI ғасырға, жаңа мыңжылдыққа адамзат үшін ең қымбат қазына - ұлтаралық татулықты, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді - қастерлеп сақтай отырып, қадам басты. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі достықтың бай тәжірибесі ұлттық татулық пен келісімнің ғана халықтардың экономикалық теңдігі, саяси және мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір - біріне деген құрметін қамтамасыз ете алатынын көрсетті.
Отанды сүю - әрбір қазақ азаматының міндеті. Өткенді ұмытуға болмайды. Ол - біздің тарихымыз. Отан үшін отқа түс күймейсің –деп Бауыржан Момышұлы бекерге айтпаған. Мен өскенде еліме пайдамды тигізіп, Қазақстанның өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді. Ел ауызбіршілігі мен тыныштығын сактауда аянбай кызмет етіп, "Елім! Отаным! Жерім! " - деп жүрген Ел ағалары аман болсын!

Жарияланған күні: 29-04-2020  



25-05-2020  

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

icon Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебного года! 

06-05-2020  

6.05.2020 Отан қорғаушылар күні

icon

06-05-2020  

6.05.2020

icon

06-05-2020  

6.05.2020 Ұлы Жеңіске-75 жыл!

icon

04-05-2020  

4.05.2020 "Ұлы Жеңіске 75 жыл"

icon

30-04-2020  

30.04.2020 Ауылым -алтын бесігім.

icon

30-04-2020  

30.04.2020 Біз біргеміз!


30-04-2020  

30.04.2020 Біз біргеміз!


29-04-2020  

29.04.2020 Қашықтықтан оқытуың жетістіктерімен қиыншылықтары.


29-04-2020  

29.04.2020 День Единства

icon

Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

25 мамыр 2020
6.05.2020

...

06 мамыр 2020