ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ДЕМЕУШІЛЕРІМІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!!!

13.03.2019 ж. Бүгін "Рухани жаңғыру" аясында "Ұлы даланың жеті қыры" баяндамасы негізінде рухани мол мұраларымызды, салт-дəстүрімізді, ұлттық жәдігерлер мен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған ""Қош келдің, əз - Наурыз! " атты республика көлемінде ауқымды шара өткізілді. Əдемі безендірілген киіз үйлермен темір үйлер,ұлттық нақышта безендірілген сахна, қазақи, заманауи үлгісіндегі ұлттық киім киген ауылымыздың ақсақалды аталарымен, əжелері, қыз - келіншектері, жігіттері мен боз балалары даланы жырға, нұрға бөлегендей көрініс тапты.Керемет ұйымдастырылған шара болды.
Ауылдың мекемелері, соның ішінде М.ƏБДІХАЛЫҚОВ атындағы мектеп гимназиясының ұжымы бұл шараға ерекше ықыласпен, белсенді қатысты. Ұжым мүшелері қазақи үлгіде киініп, ұлттық тағамына толы ақ дастарханын жайып, "Наурыз көжесін" пісіріп, қонақжайлығымен ауыл ақсақалдарын, ардагер аналарымызды ерекше күтіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Мектеп ұжымы сахналық қойылымға да қатысып, ауыл тұрғындарына "Наурыз көжелерін" ұсынды.Мерекелік дастархан басында əдемі қазақи дəстүрлі əндер айтылып, би билеп, Ақ бата да берілді. Бүгінгі наурыз мерекесінің жақсы өтуіне себепші болған мектебіміздің демеуші азаматтарына ерекше алғыс айтамыз. Бердиев Абзал Серікұлына,Бүркітбаев Қасым Мақсатұлына, Рахиев Ербол Оңайбайұлына,Жайшылықұлы Жолдасбайға,Көшербаев Әсет Уәлиұлы, Избасаров Жәнібек Артықбайұлына ұжым атынан "АЛҒЫС" білдіреміз. Дендеріңізге саулық, отбасыңызға амандық, табыстарың арта берсін деген тілегіміз бар. Наурыз мерекесі құтты болсын! 

Жарияланған күні: 13-03-2019  



11-02-2019  

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында "Жарқын күнге жол ашады ЖасҰлан!" атты өзін-өзі басқару ұйымының апталығы басталды.

icon

08-02-2019  

8.02.2019 күні М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясында жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

iconЖастар ұлт болашағы болғандықтан, қай заманда болса да қоғамның басты тұлғасы. Елдің болашағы жастардың қолында. Сол болашақты айқын болуына берік те мықты баспалдақ салып берген Елбасымызға алғыс білдіреміз. Бүгінгі таңда М.Әбдіxалықов мектеп - гимназиясы мектепшілік Жастар жылының ашылу рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс - шараға мектебіміздің мұғалімдері, жас мамандарымен 11 сынып түлектері қатысты. Бүгінгі таңда жастар жігерлі, ынталы білімді. Ел билеген Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды " Жастар жылы" етіп тағайындап келісімді растады. Ендеше, Жастар болашақ біздің қолымызда. Алға Маршалдың жалынды жастары 

07-02-2019  

М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының 8 а сыныбының жетекшісі Құлмырзаева Айгүлдің ұйымдастыруымен оқушыларын Н.Жантөрин атындағы драма театрына апарып,қойылым тамашалады.

icon

06-02-2019  

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы бойынша IT жане робототехника үйірмесіне қатысушыларының арасында роботтан "Аркан тартыс"жарысы болып өтті. Жарысты ұйымдастырушы үйірме жетекшісі Қабақова Гүлима Рзабекқызы. Сайыс өте тартымды өтті. Шараның ерекшелігі халықаралық, республикалық ,облыстық робот бойынша жеңімпаздары жүргізіп, әділ қазы болып, бағалап отырды. Оқушыларға қосымша білім беру арқылы білім шыңына жетелейтін үйірме жұмыстарының үйретері мол екені осы. Гүлима Рзабекқызына Алғыс айта отырып,шәкірттеріңізге үлкен белестерді бағындыратын тың идеялар тілейміз!

icon

05-02-2019  

5.02.2019күні М.ƏБДІХАЛЫҚОВ атындағы мектеп- гимназиясында республикалық "Зерде" ғылыми жобасының ІІ орын иегері 5-сынып оқушысы Жетібай Дария ,1 орын иегері 3-сынып оқущысы Мұханбет Рамазан күтіп алып, марапаттау рәсімі өткізілді. Дарынды балалардың қанатын қомдап, талантты балаларды ұлықтау, ынталандыру біздің мақсатымыз. Дария,Рамазан жарайсың! Облыс намысын қорғадың!

icon

02-02-2019  

М.Әбдіхалықов мектеп - гимназиясының "Жаңашыл ұстаз" қоғамдастығы 2В және 5В сынып ата-аналарының арасында «Оқушы – ұстаз – ата-ана» — үштік одақ ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

iconБұл шара мектебіміздің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бекова Гүлмираның "Танысу" тренингінен бастау алды. Одан кейін ата-аналар дөңгелек үстелде бас қосып биология пәніні мұғалімі Абдигалиева Салтанаттың коучингімен ұласып, " Бала білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ана қандай жағдай жасау керек?Баланы қателіктері үшін жазалау керек пе?Ата-ана мен мұғалім арасындағы байланыстың тиімділігі?« төңірегінде ой бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімі Койшина Айсауле ата-аналарға жағдаяттық сұрақтар қойып, ата-аналар жағдаяттан шығу жолдарын қарастырды. Шара соңында бастауыш сынып мұғалімі Назарова Ляззат ата-аналардан сауалнама алып, кері байланыс жүргізді. 

01-02-2019  

iconРеспубликадан жаңалық!СҮЙІНШІ!М.Əбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары 2019 жылдың 26 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Астананың төрінде,Буровой курортында "Балдаурен" оқу-сауықтыру орталығында республикалық "Зерде" зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсының республикалықкезеңі өткізілді. Мақсаты: кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру, зерттеу жұмысына қызығушылық танытқан қабілетті, дарынды оқушыны анықтау, олардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау. М.Əбдіхалықов мектеп-гимназиясынан 2 оқушы қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша Жетібай Дария 2 орынды, физика -техника бағыты бойынша Мұханбет Рамазан 1-орынды иеленді. Жетекшілері : Тілектес Серікбайқызы , Амангүл Рахатқызына алғыс айтамыз!!!! Осындай жетістіктер көбейе берсін! 

01-02-2019  

Бүгін 11 сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында,әскери оқу орнына тарту,бағыт беру негізінде мектебіміздің түлегі,офицер шенін алған Иманқұлов Тұрармен кездесу өткізілді.

icon

01-02-2019  

Бүгін 11 сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында,әскери оқу орнына тарту,бағыт беру негізінде мектебіміздің түлегі,офицер шенін алған Иманқұлов Тұрармен кездесу өткізілді.


01-02-2019  

Бүгін 11 сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында,әскери оқу орнына тарту,бағыт беру негізінде мектебіміздің түлегі,офицер шенін алған Иманқұлов Тұрармен кездесу өткізілді.

icon

Соңғы жаңалықтар

МЕКТЕП ҚОРЖЫНЫНА ҚОЛА МЕДАЛЬ

Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де та ...

29 наурыз 2019
СҮЙІНШІ,АҒАЙЫН!!!

 Алматының төрінен Оқушымыз Данаева Айжан Жарылғасқызы би өнерінен 1 орынды иеленді.Жарайсың бала ...

26 наурыз 2019
М.Әбдіхалықов мектеп-гимназия ұжымы наурыз мерекесін тойлады

Қазақтың осы бір тамаша дəстүрлі мейрамын боямасыз.табиғи түрде білім ордасында тойладық.Осы апт ...

15 наурыз 2019
ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ДЕМЕУШІЛЕРІМІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!!!

13.03.2019 ж. Бүгін "Рухани жаңғыру" аясында "Ұлы даланың жеті қыры" баяндамасы негізінде рухани мол мұр ...

13 наурыз 2019
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған шар ...

08 наурыз 2019