ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ДЕМЕУШІЛЕРІМІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!!!

13.03.2019 ж. Бүгін "Рухани жаңғыру" аясында "Ұлы даланың жеті қыры" баяндамасы негізінде рухани мол мұраларымызды, салт-дəстүрімізді, ұлттық жәдігерлер мен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған ""Қош келдің, əз - Наурыз! " атты республика көлемінде ауқымды шара өткізілді. Əдемі безендірілген киіз үйлермен темір үйлер,ұлттық нақышта безендірілген сахна, қазақи, заманауи үлгісіндегі ұлттық киім киген ауылымыздың ақсақалды аталарымен, əжелері, қыз - келіншектері, жігіттері мен боз балалары даланы жырға, нұрға бөлегендей көрініс тапты.Керемет ұйымдастырылған шара болды.
Ауылдың мекемелері, соның ішінде М.ƏБДІХАЛЫҚОВ атындағы мектеп гимназиясының ұжымы бұл шараға ерекше ықыласпен, белсенді қатысты. Ұжым мүшелері қазақи үлгіде киініп, ұлттық тағамына толы ақ дастарханын жайып, "Наурыз көжесін" пісіріп, қонақжайлығымен ауыл ақсақалдарын, ардагер аналарымызды ерекше күтіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Мектеп ұжымы сахналық қойылымға да қатысып, ауыл тұрғындарына "Наурыз көжелерін" ұсынды.Мерекелік дастархан басында əдемі қазақи дəстүрлі əндер айтылып, би билеп, Ақ бата да берілді. Бүгінгі наурыз мерекесінің жақсы өтуіне себепші болған мектебіміздің демеуші азаматтарына ерекше алғыс айтамыз. Бердиев Абзал Серікұлына,Бүркітбаев Қасым Мақсатұлына, Рахиев Ербол Оңайбайұлына,Жайшылықұлы Жолдасбайға,Көшербаев Әсет Уәлиұлы, Избасаров Жәнібек Артықбайұлына ұжым атынан "АЛҒЫС" білдіреміз. Дендеріңізге саулық, отбасыңызға амандық, табыстарың арта берсін деген тілегіміз бар. Наурыз мерекесі құтты болсын! 

Жарияланған күні: 13-03-2019  



03-05-2018  

3–WRO-2018 робототехника олимпиадасы

icon29-31 наурыз аралығында Қарағанды қаласы Назарбаев мектебінде  өткен 3–WRO-2018 робототехника олимпиадасының өңірлік кезеңіне мектебімізден Marshal командасы қатысып келді. 

27-04-2018  

«Үздік педагог-2018» байқауы

icon27 сәуір күні аудандық «Үздік педагог-2018»  байқауында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көшербай Тілектес Серікбайқызы озық шығып Бас жүлдені иеленді. 

26-04-2018  

Облыс көлемінде өткен "Мағжан оқуы"

iconМ.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының  8"а" сынып оқушысы Жүсіп Ақерке облыс көлемінде өткен Мағжан оқуының "Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім" шығармаларының жатқа оқу бөлімі бойынша 2-орын, 9-сынып оқушысы Мұханбедиева Лаура "Толқынмен толқын сырласып..." шығармашылық жұмыс бөлімі бойынша 1-орын алып,республикаға жолдама берілді.

20-04-2018  

Областық өзін -өзі тану пәні мұғалімдері арасында өткен олимпиада

icon

31-03-2018  

"Ұядан түлеп ұшқан қарлығаштар"

icon

26-01-2018  

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз. 

26-01-2018  

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы жадынама


29-12-2017  

«Білім үздігі-2017» салтанатты шарасы

icon

21-12-2017  

Республикалық "Жас ұлан" ББЖ ұйымы

icon

11-12-2017  

«Өнер-өмір жемісі» атты Алиев Ермұхан Амандықұлымен кездесу кеші

icon

Соңғы жаңалықтар

МЕКТЕП ҚОРЖЫНЫНА ҚОЛА МЕДАЛЬ

Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де та ...

29 наурыз 2019
СҮЙІНШІ,АҒАЙЫН!!!

 Алматының төрінен Оқушымыз Данаева Айжан Жарылғасқызы би өнерінен 1 орынды иеленді.Жарайсың бала ...

26 наурыз 2019
М.Әбдіхалықов мектеп-гимназия ұжымы наурыз мерекесін тойлады

Қазақтың осы бір тамаша дəстүрлі мейрамын боямасыз.табиғи түрде білім ордасында тойладық.Осы апт ...

15 наурыз 2019
ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ДЕМЕУШІЛЕРІМІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!!!

13.03.2019 ж. Бүгін "Рухани жаңғыру" аясында "Ұлы даланың жеті қыры" баяндамасы негізінде рухани мол мұр ...

13 наурыз 2019
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған шар ...

08 наурыз 2019