ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ДЕМЕУШІЛЕРІМІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!!!

13.03.2019 ж. Бүгін "Рухани жаңғыру" аясында "Ұлы даланың жеті қыры" баяндамасы негізінде рухани мол мұраларымызды, салт-дəстүрімізді, ұлттық жәдігерлер мен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған ""Қош келдің, əз - Наурыз! " атты республика көлемінде ауқымды шара өткізілді. Əдемі безендірілген киіз үйлермен темір үйлер,ұлттық нақышта безендірілген сахна, қазақи, заманауи үлгісіндегі ұлттық киім киген ауылымыздың ақсақалды аталарымен, əжелері, қыз - келіншектері, жігіттері мен боз балалары даланы жырға, нұрға бөлегендей көрініс тапты.Керемет ұйымдастырылған шара болды.
Ауылдың мекемелері, соның ішінде М.ƏБДІХАЛЫҚОВ атындағы мектеп гимназиясының ұжымы бұл шараға ерекше ықыласпен, белсенді қатысты. Ұжым мүшелері қазақи үлгіде киініп, ұлттық тағамына толы ақ дастарханын жайып, "Наурыз көжесін" пісіріп, қонақжайлығымен ауыл ақсақалдарын, ардагер аналарымызды ерекше күтіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Мектеп ұжымы сахналық қойылымға да қатысып, ауыл тұрғындарына "Наурыз көжелерін" ұсынды.Мерекелік дастархан басында əдемі қазақи дəстүрлі əндер айтылып, би билеп, Ақ бата да берілді. Бүгінгі наурыз мерекесінің жақсы өтуіне себепші болған мектебіміздің демеуші азаматтарына ерекше алғыс айтамыз. Бердиев Абзал Серікұлына,Бүркітбаев Қасым Мақсатұлына, Рахиев Ербол Оңайбайұлына,Жайшылықұлы Жолдасбайға,Көшербаев Әсет Уәлиұлы, Избасаров Жәнібек Артықбайұлына ұжым атынан "АЛҒЫС" білдіреміз. Дендеріңізге саулық, отбасыңызға амандық, табыстарың арта берсін деген тілегіміз бар. Наурыз мерекесі құтты болсын! 

Жарияланған күні: 13-03-2019  



14-03-2017  

«Ақберен» байқауы

icon

10-03-2017  

Маңғыстаудың көне ескеркіштері


17-02-2017  

Хабарландыру!

icon

31-12-2016  

Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!

icon

19-12-2016  

"Қазақстаным саған арналады" атты аудандық сынып жетекшілер сайысы

icon

14-12-2016  

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында

icon

14-12-2016  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы


14-12-2016  

Маңғыстаудың Маңғаз жазушысы Əбіш Кекілбаев 80 жаста

icon

10-12-2016  

Аудандық пәндік олимпиада қорытындысы

icon

30-11-2016  

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі-Тәуелсіздіктің 25 негізгі» жобасы

icon

Соңғы жаңалықтар

МЕКТЕП ҚОРЖЫНЫНА ҚОЛА МЕДАЛЬ

Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де та ...

29 наурыз 2019
СҮЙІНШІ,АҒАЙЫН!!!

 Алматының төрінен Оқушымыз Данаева Айжан Жарылғасқызы би өнерінен 1 орынды иеленді.Жарайсың бала ...

26 наурыз 2019
М.Әбдіхалықов мектеп-гимназия ұжымы наурыз мерекесін тойлады

Қазақтың осы бір тамаша дəстүрлі мейрамын боямасыз.табиғи түрде білім ордасында тойладық.Осы апт ...

15 наурыз 2019
ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ДЕМЕУШІЛЕРІМІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!!!

13.03.2019 ж. Бүгін "Рухани жаңғыру" аясында "Ұлы даланың жеті қыры" баяндамасы негізінде рухани мол мұр ...

13 наурыз 2019
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған шар ...

08 наурыз 2019