МЕКТЕП ҚОРЖЫНЫНА ҚОЛА МЕДАЛЬ

Жүзден жүйрік,
мыңнан тұлпар...

Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында.Олай болса, ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдардың бірі – пәндік олимпиада.
Мектебіміздің 11 сынып оқушысы Сұлтанова Дилфуза республикалық пәндік олимпиададан қазақ тілі пәні бойынша қатысып,жүлделі 3 орынды иеленді. Бұл жүлде үлкен еңбекпен,ізденіспен,шығармашылықпен,шыдамдылықпен,төзімділіктің арқасында келген жеңіс. Дильфузаның бұл белесті бағындыруға бағыт беріп,терең білім алуына,шыңдалуына,жол сілтеген ұстазы Тілектес Серікбайқызының еңбегі ұшан-теңіз!!! «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, Дильфуза бірнеше дүркін сайыстардың жеңімпазы. Ең алғашқы республикалық жеңісі ,7 сынып оқып жүргенде "ХАБАР" агентігінің ұйымдастырумен өткен "Зерде" теле интелектуальдық сайысының жеңімпазы, 9 сыныпта республикалық ғылыми жобалар байқауында М.Әбдіхалықовтың "Ауыл мұғалимасы" повесін қорғап,Балсұлу Сахиева туралы естелікті қорғаған алғашқы жас ғалым, 10 сыныпта Республикалық Қ.Бітібаева олимпиадасының 3 орын иегері, міне бүгін тынымсыз еңбектің нәтижесі ЕНУ университетінің грант иегері атағын алуға себеп болды. 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен ғылымда»,- деп атап көрсеткендей, бүгінгі қоғам білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. 
Білім сайысында ұстаздарының артқан сенім биігінен көріне білген Дульфузаға сәттіліктер мен толағай табыстар тілейміз!

 

Жарияланған күні: 29-03-2019  



08-03-2019  

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!

iconМ.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған шаралардан көріністер 

05-03-2019  

"Парасатты Әйкерім" атты қыздар сайысы

icon5.03.2019 ж . М.Әбдіхалықов м/г " Абай әлеміне саяхат" үйірмесінің жетекшісі Өтесова Алтын Сиражқызы "Парасатты Әйкерім" атты қыздар сайысын өткізді. Жоғары деңгейде ұйымдастырды. Жылғы бойы үйірменің жұмысы көрсетілді, Абайдың әнімен ашып,Абай шығармаларын мәнерлеп оқуы,Абай өмірінен сахналық қойылымдар қойылды.

02-03-2019  

Облыстық "РОБОМАҢҒЫСТАУ-2019" сайысы

iconОблыстық "РОБОМАҢҒЫСТАУ" сайысында М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының оқушылары "Matrix" командасы: Аманқос Қанат, Каримулы Абылай, Саяткызы Аружан 2- орын алды. Жетекшісі Қабақова Гүлима Құттықтаймыз!  

01-03-2019  

Бір бірімізге тек "Алғыс" айтып жүрейік!

iconБүгін 1-наурыз Алғыс айту күніне орай М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы ұжымы Ақшұқыр ауылынан қарасты мекемелердің бір қатарына барып,ыстық ықыластарын білдірді. Керемет! 

01-03-2019  

Аудандық волейбол сайысынан БАС ЖҮЛДЕ

iconМ.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының оқушылары аудандық волейбол сайысынан БАС ЖҮЛДЕ иеленді! Құттықтаймыз!!! Жетекшісі : Аманғалиев Мұрат. 

26-02-2019  

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы бойынша өткізілген тәрбиелік шаралардан көріністер

icon

11-02-2019  

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында "Жарқын күнге жол ашады ЖасҰлан!" атты өзін-өзі басқару ұйымының апталығы басталды.

icon

08-02-2019  

8.02.2019 күні М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясында жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

iconЖастар ұлт болашағы болғандықтан, қай заманда болса да қоғамның басты тұлғасы. Елдің болашағы жастардың қолында. Сол болашақты айқын болуына берік те мықты баспалдақ салып берген Елбасымызға алғыс білдіреміз. Бүгінгі таңда М.Әбдіxалықов мектеп - гимназиясы мектепшілік Жастар жылының ашылу рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс - шараға мектебіміздің мұғалімдері, жас мамандарымен 11 сынып түлектері қатысты. Бүгінгі таңда жастар жігерлі, ынталы білімді. Ел билеген Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды " Жастар жылы" етіп тағайындап келісімді растады. Ендеше, Жастар болашақ біздің қолымызда. Алға Маршалдың жалынды жастары 

07-02-2019  

М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының 8 а сыныбының жетекшісі Құлмырзаева Айгүлдің ұйымдастыруымен оқушыларын Н.Жантөрин атындағы драма театрына апарып,қойылым тамашалады.

icon

06-02-2019  

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы бойынша IT жане робототехника үйірмесіне қатысушыларының арасында роботтан "Аркан тартыс"жарысы болып өтті. Жарысты ұйымдастырушы үйірме жетекшісі Қабақова Гүлима Рзабекқызы. Сайыс өте тартымды өтті. Шараның ерекшелігі халықаралық, республикалық ,облыстық робот бойынша жеңімпаздары жүргізіп, әділ қазы болып, бағалап отырды. Оқушыларға қосымша білім беру арқылы білім шыңына жетелейтін үйірме жұмыстарының үйретері мол екені осы. Гүлима Рзабекқызына Алғыс айта отырып,шәкірттеріңізге үлкен белестерді бағындыратын тың идеялар тілейміз!

icon

Соңғы жаңалықтар